Алмас — Ақмола облысы Қорғалжын ауданы, Қызылсай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019-жылы таратылған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қорғалжын кентінен оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 89 адам (45 ер адам және 44 әйел адам) болса, 2009 жылы 14 адамды (8 ер адам және 6 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданының таратылған елді мекендері