Байқошқар – Абай облысы Абай ауданының солтүстігіндегі өзен. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 817 км².
Бастауы Шыңғыс және Шақпақтас тауынан басталып, Байқошқар аулының тұсында Бақанас өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Арнасы тар, жағасы тік жарлы. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-дей 74 саласы бар. Қараша айының 1-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Шабындықтар мен жайылымдарды суландыруға пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Абай облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы