Берёзов ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы әкімшілік бірлік болған округ. 2019 жылы таратылған.Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы Округ орталығының тұрғындары түсініксіз жағдайда жаппай улануларына байланысты 2017 жылы іргелес ауылдарға көшірілген.

Әкімшілік құрамы Құрамына Берёзовка ауылы және Сұлусай т. ж. айрығы кірген. Орталығы – Берёзовка ауылы болған."Қазақ энциклопедиясы", X том

Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1488 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Бөрлі ауданының таратылған ауылдық округтері