III Осман (; 2 қаңтар 1699 — 30 қазан 1757) — Османлы мемлекетінің 25-ші сұлтаны, Ислам халифатының 90-шы халифі.
Өмірбаяны нобай|солға|250px|III Осман суреті
III Осман 1699 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны II Мұстафа шаңырағында дүниеге келді. Таққа отырғанға дейін елу жылдай кафесте қамауда отырды.
III Осман ән мен әншілерді жек көретін, және оларды Топқапы сарайынан қууды бұйырған. Сонымен қатар сұлтан әйелдер мен әйел қоғамын жек көрді. Сондықтан ол әйелдерге жақындағанда әйелдерді шегіндіру үшін шегелермен тағаланған аяқ киім киіп отырды.
Үш жыл ішінде III Осман жеті рет садрағзамдарды ауыстырды. Орнынан босатылған садрағзамның мүлігін өзінің қазынасының пайдасына тәркілеп отырды. Яһудилер мен христиандарға өте шыдамсыз болатын, және оларға киімде арнайы белгілер тағып жүруді бұйырған болатын.
Ажалы 1757 жылдың 30 қазанында сұлтан инсульттен қайтыс болды. Мәйіті Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңында салынған мазарда жерленді.
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 160 Шорлылы Көсе Бахир Мұстафа паша 13 желтоқсан 1754 — 16 ақпан 1755 2 ай 161 Хәкімұлы Әли паша 16 ақпан 1755 — 19 мамыр 1755 3 ай 162 Наили Әбдулла паша 19 мамыр 1755 — 24 тамыз 1755 3 ай 163 Силахдар Биік Әли паша 24 тамыз 1755 — 23 қазан 1755 2 ай 164 Жиырмасегіззада Мехмет Сейіт паша 25 қазан 1755 — 1 сәуір 1756 6 ай 165 Шорлылы Көсе Бахир Мұстафа паша 30 сәуір 1756 — 3 желтоқсан 1756 8 ай 166 Қожа Мехмет Рағып паша 12 қаңтар 1757 — 30 қазан 1757 10 ай
Санат:Османлы империясының сұлтандары