Болашақ — Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл. Болашақ ауылдық округінің орталығы, темір жол бекеті.
Географиялық орны Аудан орталығы – Құрық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 187 км-дей жерде.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 764 адамды (474 ер адам және 290 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Болашақ 2012 жылы темір жол станциясының базасында құрылды. Ауылдың әкімшілік-аумақтық құрамына Бестөрткөл, Құрмаш және Тайғыр разъездері кіреді..
Болашақ - Солтүстік - Оңтүстік халықаралық транспорт дәлізінің шығыс тармағында орналасқан шекаралық теміржол станциясы.
2013 жылдың 11 мамырында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердымұхаммедов станцияны салтанатты түрде ашты.
2014 жылдың желтоқсанына қарай станцияда 500-ге жуық адам өмір сүрді. Станция тұрғындарының негізін теміржол жұмысшылары құрады. Станциядан жұмыс күндері "Жаңаөзен - Болашақ" пойызы жүреді. Станция дәрігерлік амбулаториясымен, бірнеше балалар алаңымен, моншамен, наубайханамен, асхана және дүкенмен қамтамасыз етілген.
Халқы Ауылда тұрғындар саны – 514 адам (2014). Соның ішінде 5 жасқа дейін – 116 бала, жасөспірімдер саны – 98, 15 жастағылар саны – 5, 16-58 жастағылар саны – 290, зейнет жасындағылар саны – 5-еу болды.
2014 жылы туған бала саны – 19, қайтыс болғандар саны – 3 адам болды.
Инфрақұрылымы 2013 жылдың 2 қыркүйегінде ауылда 80 орындық орта мектеп ашылды. 2013-2014 оқу жылы 84 оқушы қамтылса, 2014-2015 оқу жылында оқушы саны 136-ға жетті. Мектепте барлығы 43 қызметкер жұмыс жасайды. Мектеп қызметкерлері баспанамен қамтамасыз етілген. 2014 жылға қарай ауылда аудандық емханадан іс-сапармен 1 терапевт пен 1 медбике жұмыс жасап жатыр. Ауыл көгілдір газбен, ауыз сумен, электр энергиясымен 100 пайыз қамтылған.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Болашақ станциясы тұрғындары қалай өмір сүруде?
Санат:Қарақия ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері