Хишам ибн Әбд әл-Мәлік (; 691 — 6 ақпан 743) — Умәйя әулетінің 724 жылдан 743 жылдың 6 ақпанына дейін билік құрған халифі. Есімін анасы Фатима бинт Хишам әкесінің құрметіне қойған.

Өмірбаяны Хишам ибн Абд әл-Мәлік Умәйядтар халифатының 5-ші халифі – Абд әл-Мәлік ибн Маруанның шаңырағында дүниеге келген.

Халифат билігі ағасы II Йазидтен берілген сәтте Хишам бірнеше қиындықтарға тап болды: 730 жылы, 6 және 8 желтоқсан аралығында болған Хазар қағандығы мен Араб халифатының арасындағы Кавказдағы Ардабиль шайқасындағы жеңіліс. 724 жылы Худжанд маңында (қазіргі Тәжікстан) болған Умәйядтар халифаты мен Түргеш қағанаты арасындағы «Шөліркеу күні» және 731 жылдың шілде айындағы Тахтақарача асуындағы шайқастағы жеңіліс. Джай Сингх бастаған Синд үнділерінің көтерілісі.

Хишамның тұсында II Омар алып тастаған халықтан алынатын салық қайтарылып, халифат өзінің экономикалық күшін қайтарды.

Әдебиет Хишам ибн Абд әл-Мәлік

Санат:Умәйя әулетінің халифтері