Джеймс Гиффен - американдық бизнесмен және бұрынғы АҚШ-КСРО сауда-экономикалық кеңесінің басшысы.Claudia H. Deutsch, Taking a team approach to Soviet Trade, The New York Times, July 31, 1988 Mercator Corporation компаниясының басшысы және негізін салушы.Steve LeVine, The Oil and the Glory, Random House, 2007 Гиффен Қазақгейт жанжалында басты айыпталушы болды.Terry Macalister, "Swiss join oil bribery inquiry", The Guardian, May 7, 2003.http://www.fcpablog.com/blog/2010/11/22/no-punishment-for-hero-giffen.html
Өмірбаяны Гиффен 1941 жылы АҚШ-та туған.
Колледж бітірген соң Гиффен Armco Steel-дің еншілес компаниясына жұмысқа тұрады. Ол жақта компания басшысы - Уильям Веритимен жақынырақ таныстыRon Stodghill, "Oil, Cash and Corruption", The New York Times, қараша 5, 2006.. 1970-ші жылдары Гиффен КСРО-да өзіне пайдалы байланыстар тапты. Суық соғыс кезінде Гриффен бірнеше компанияларда Американдық сауда консорциумының пайда болуына септігін тигізді. Сол жылдары Михаил Горбачёвпен болған американдық компаниялардың кеңестік нарыққа кіру келіссөздеріне қатысты.Louis Kraar, "Top US Companies Move Into Russia" , Fortune, July 31, 1989
Қазақгейт
Гиффен сот процессі кезінде ЦРУ-ның мақұлдауымен іс атқарғанын мәлімдеді. ЦРУ бұл іске қатысы бар құпия құжаттарды жариялауға бас тартты.http://www.telegraph.co.uk/news/worldnews/northamerica/usa/7943201/George-Clooney-film-inspiration-Mr-Kazakhstan-finally-brought-to-justice.html Гиффен қорғаушылары Джеймстің Қазақстан басшылығының тапсырысын орындағанын, Қазақстан шетелдік мемлекет ретінде өз қөзқарасына қарай және АҚШ үкіметі мүдделерін қанағаттандыруына қарай ненің заңды екендігін анықтай алатындығын атап өтті.http://foreignpolicy.com/2010/11/19/was-james-giffen-telling-the-truth/
Сот процессі 2010 жылдың қарашасында аяқталды; американдық округтің судьясі Уильям Поли сот процессі кезіндегі жарияланбаған құпия құжаттармен танысқанын, және соған орай Гиффенді түрмеге қамаудан, оған айыппұл салудан бас тартатынын мәлімдеді.
Дереккөздер
Санат:АҚШ кәсіпкерлері