Танаш Дәуренбеков (20. 6.1927, Сырдария ауданы – 2000, Алматы) – жазушы.
Қызылорда педагогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филологиялық факультетін бітірген (1949). 1943 – 1945 жылдары Сырдария ауданына қарасты «Октябрь», «Ортақшыл» орта мектептерінде мұғалімдік қызметте болды. «Бір түйменің әлегі» атты балалар өміріне арналған әңгімесі 1963 жылы жарық көрген. 1961 – 1963 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, 1964 – 1966 жылдары «Жазушы» баспасының редакторы, 1966 – 1967 жылдары «Білім және еңбек» журналдарында жауапты қызметтер атқарған. Халық ағарту ісінің озаты белгісімен, медальдармен марапатталған. Лақап аты – Қалмұрат.Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 66-шы бет
Шығармалары Бір түйенің әлегі. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1963; Сыр балалары. Повесть. А., «Жазушы», 1964; Он бес жыл өткен соң. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Өкіл әке. Повесть. А., «Жазушы», 1996; Көшпелі емхана. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1966; Ежелгі достар - құмырсқа мен қүстар. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1969; Біз әлі кездесеміз. Роман. А., «Жазушы», 1971; Кездескен деген осы. Роман. А., «Жазушы», 1974; Сүмбіле. Повестер. А., «Жалын», 1977; Таң атын келеді. Роман; Ливень. Роман. А., «Жалын», 1982; Күміс қырау. Повестер. А., «Жазушы», 1988.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:20 маусымда туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:2000 жылы қайтыс болғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері