Алмасай — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауыл, Алмасай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде.
Атауы Осы ауылдың атауы сол аймақтағы шатқалмен байланыстырады. Осыған байланысты халық арасында аңыз бар. Аңыз бойынша, қазіргі Ұлан ауданы жерінде Сарықұл деген бай болған екен. Үйір-үйір жылқы мен отар-отар қойы болады. Әр үйірге өз айғыры иелік етеді. Сарықұлдың жылқыларының басы – Сарыала айғыр атты мықты айғыр болады. Сол заманда ең қауіпті жау қасқыр емес, жұт болатын. Мұндайда білгіш малшылар үйір басының түйсігіне сенеді екен. Осыған орай, табын иесі Сарықұл өз үйірінің басы – Сарыала айғырға сенім артуды жөн көреді. Айғыр таңдаған алқап Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданының жері еді. Сөйтіп ауыл Алмасай шатқалына қоныстанады. Сарыала айғырдың түйсігі осылай жұттан аман шығарады. Осылай шағын Сарыөзек өзенінің бойындағы алқапта Алмасай ауылының іргесі қаланадыЩербаков, Б. В. Восточный Казахстан – край преданий, легенд… : [легенды] / Б. В. Щербаков // Ақ Ертіс. – 2011. – № 6. – С. 66-71.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1026962 846 87,9 482 432 89,6 480 414 86,3
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы елді мекендері