Кокос аралы () — тынық мұхиттағы елсіз арал. Коста-Риканың аумағы болып табылады, Пунтаренас провинциясына кіреді, елдің батыс жағалауынан 480 км қашықтықта орналасқан. Жақын маңдағы архипелаг — оңтүстік-батысқа қарай бірнеше жүз миль жерде орналасқан Галапагос аралдары. Арал кең таралған аңыздар бойынша онда үлкен қазына жасырылғандығымен белгілі.

Аралды джунгли басып жатыр, теңіз түбі жанартау жынысынан тұрады және онда балдырлар қарқынды өседі. Бұл аралдың фаунасы қорғауға алынған, ал 1997 жылы ЮНЕСКО Кокос аралын Дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне енгізді. на сайте UNESCO World Heritage Centre

Дереккөздер

Санат:Коста-Рика географиясы Санат:Тынық мұхит аралдары Санат:Коста-Рикадағы Әлемдік мұра нысандары Санат:Тынық мұхиттың елсіз аралдары