Карло Анчелотти (итал. Carlo Ancelotti; 10 маусым 1959, Реджоло, Эмилия-Романья, Италия) — итальяндық футболшы және бапкер, Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушысы. Жартылай қорғаушы амплуасында ойнаған. Қазіргі заманның ең табысты бапкерлерінің бірі, УЕФА чемпиондар Лигасының 5 мәрте жеңімпазы.

Ойыншы мансабы Карло Анчелотти 1959 жылдың 10 маусымында дүниеге келген. Ойыншы ретінде «Рома» және «Милан» клубтарында орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнаумен атақты болды. Мұнда ол 3 скудетто, 4 Италия кубогы, 2 Чемпиондар кубогына ие болып, Италия құрама командасы сапында 26 матч өткізген. 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Бапкер мансабы Итальяндық «Реджана», «Парма» және «Ювентус» клубтарына басшы болған. Ювентуспен 1999 жылы Интертото Кубогын алған.

2001 жылы Фатих Теримнің орынына «Миланның» бас бапкері ретінде тағайындалған. Дебютты маусымда Анчелотти команданы 3 орынға әкеліп, УЕФА кубогының жартылай финалына дейін көтерілген. 2002/03 маусымы «Милан» үшін өте сәтті өтеді. Команда Италия кубогына ие болып, Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанады. 2003/04 маусымында Анчелотти клубка скудетто ұтып алады. Кейіннен «Милан» екі жыл қатарынан екінші орынға табан тірейді.

2005 жылы клуь Чемпиондар лигасының финалында ойнайды, алайда «Ливерпульден» жеңіліс табады. 2007 жылы Анчелотти «Ливерпульды» ұтып, Чемпиондар лигасында жеңіске жетеді. 2007/08 маусымы Анчелотти үшін сәтсіз болды. 2009 жылы «Челсидың» бас бапкері болып тағайындалды. Бұл командамен ол Англия Премьер-лигасы мен Англия кубогы үшін таласта жеңіске жетеді.

2011 жылдың 30 желтоқсанында француздық «Пари Сен-Жермен» клубының бапкері болады. 2012/13 маусымда клуб ұлттық чемпионатта жеңіске жетеді.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде «Рома»

Италия чемпионы: 1982/83 Италия кубогы (4): 1979/80, 1980/81, 1983/84, 1985/86

«Милан»

Италия чемпионы (2): 1987/88, 1991/92 Италия суперкубогы: 1988 Чемпиондар лигасы (2): 1988/89, 1989/90 Еуропа суперкубогы (2): 1989, 1990 Құрлықаралық кубок (2): 1989, 1990

Бапкер ретінде «Ювентус»

Интертото кубогы: 1999

«Милан»

Италия чемпионы: 2003/04 Италия кубогы: 2002/03 Италия суперкубогы: 2004 Чемпиондар лигасы (2): 2002/03, 2006/07 УЕФА суперкубогы (2): 2003, 2007 Клубтар әлем чемпионаты: 2007

«Челси»

Англия чемпионы: 2009/10 Англия кубогы: 2009/10 Англия суперкубогы: 2009

«Пари Сен-Жермен»

Франция чемпионы: 2012/13

«Реал Мадрид»

Испания кубогы: 2013/14, 2022/23 Испания чемпионы: 2021/22, 2023/24 Чемпиондар лигасы: 2013/14, 2021/22, 2023/24 УЕФА суперкубогы: 2022, 2024 Клубтар әлем чемпионаты: 2014, 2022, 2024 Испания суперкубогы: 2021/22, 2023/24

«Бавария»

Германия чемпионы: 2016/17 Германия суперкубогы (2): 2016, 2017

Жеке

А сериясының жыл бапкері (2): 2001, 2004 Франциядағы жыл бапкері: 2012/13 УЕФА жыл бапкері: 2002/03 Энцо Беарзот марапаты: 2014 Италия футболының құрмет залы: 2015

Сілтемелер

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Милан ФК жаттықтырушылары Санат:Бавария ФК жаттықтырушылары Санат:Челси ФК жаттықтырушылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК жаттықтырушылары Санат:Парма ФК жаттықтырушылары Санат:Ювентус ФК жаттықтырушылары Санат:Наполи ФК жаттықтырушылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Эвертон ФК жаттықтырушылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары