Мерида () — әкімшілік орталығы аттас қалада орналасқан Мексиканың Юкатан штатындағы муниципалитет. 2010 жылғы санақтың мәліметтері бойынша, муниципалитеттің халық саны 830 732 адамды құрады.

Жалпы мәліметтер Муниципалитеттің ауданы 858,41 км² құрайды, ол Юкатанның өзге де муниципалитеттерімен шектеседі: солтүстікте Прогресо, шығыста Чикшулуб-Пуэбло, Конкаль, Тишпеуаль, Канасин және Тимукуй, оңтүстікте Текох пен Абала, ал батыста Уку және Уман муниципалитеттері.Энциклопедия о муниципалитетах Мексики.

Құрылуы мен құрамы Муниципалитет 1918 жылы құрылғанМерида на официальном сайте штата Юкатан (исп.). Муниципалитеттің құрамына 133 елді мекен кіреді, олардың ең үлкендері: солға|нобай|300x300 нүкте|Муниципалитеттің басты елді мекендері солға|нобай|300x300 нүкте|Муниципалитет әкімшілігінің ғимараты Елді мекен Испан атауыХалық саны  (2005 жыл)INEGI. Перепись населения Мексики 2005 года (исп. Халық саны (2010 жыл)INEGI. Перепись населения Мексики 2010 года  (исп.Барлығы 781 146 830 732 Мерида (Әкімшілік орталық) Mérida 734 153 777 615 Каусель Caucel 6 655 6 988 Чолуль Cholul 5 161 5 880 Комчен Komchén 3 778 4 259 Чаблекаль Chablekal 3 165 3 626 Сан-Хосе-Цаль San José Dzal 3 092 3 543 Леона-Викарио Leona Vicario 1 822 2 754 Молас Molas 1 859 2 014 Цунункан Dzununcán 1 528 1 802 Ситпач Sitpach 1 502 1 634 Цитья Dzityá 1 496 1 602 Шканатун Xcanatún 1 350 1 495 Сан-Педро-Чимай San Pedro Chimay 1 012 1 241 Сьерра-Папакаль Sierra Papacal 986 1 108 Ла-Сейба La Ceiba 1 023 990

Тілдік және халықтық құрамы Мерида муниципалитетінің үндіс тілдеріТілСөйлейтіндер саныЮкатек72,738көрсетілмеген5,516чоль тілі413цельталь256сапотек185Дереккөз: INEGIҮндіс тілдерінің бірінде 5 жастан жоғары 79 661 адам сөйлейді, ал бұл муниципалитет тұрғындарының жалпы санының 11,5 %-ын құрайды, оның ішінде 38 338 — ер азаматтар және 41 323 — әйелдер. Осы санның ішіндегі 77 962 адам билингва болып табылады және испан тілінде де сөйлейді, 284 адам — монолингвалар, ал 1 415 адам испан тілін меңгерген не менгермегенін көрсетпеген.

Экономикасы Экономикалық істердің негізгі түрлері болып сауда және туризм табылады, сондай-ақ өнгеркәсіп пен құрылыс.

Жұмысқа қабілетті халық экономиканың секторлары бойынша келесі үлесімде айналысады: сауда, қызмет саласы мен туризм — 70,6 %; өндіріс және құрылыс — 26,1 %; ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы — 1,6 %.

Инфрақұрылымы 2000 жылдың статистикалық мәліметтері бойынша, инфрақұрылым былай дамыған: жолдардың ұзындығы: 344,6 км; электрификация: 98,4 %; сумен жабдықтау: 94,3 %; су тарту: 84,1 %. Сонымен қатар муниципалитетте Мануэль-Крессенсио-Рехон халықаралық әуежайы орналасқан.

Көрікті жерлері Муниципалитетте отарлық дәуірдің, тәуелсіздік кезеңінің, сондай-ақ XX ғасырдың бірегей сәулетті нысандарын көруге болады. Сонымен қатар бірнеше мұражай мен монументтер бар.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми бет

Санат:Юкатан муниципалитеттері