Herzog & de Meuron (толық атауы Herzog & de Meuron Basel Ltd."Credits." Herzog & de Meuron. Retrieved on 11 October 2012. "Herzog & de Meuron Basel Ltd. Rheinschanze 6 4056 Basel, Switzerland" немесе Herzog & de Meuron Architekten, BSA/SIA/ETH (HdM), қазақша айтылуы: Херцог және де Мерон) швейцариялық сәулет фирмасы, бас кеңсесі Базель (Швейцария) қаласында орналасқан.
Сәулет бюросының негізін салушылары Жак Херцог (19 сәуір 1950 д.к.) және Пьер де Мерон (8 мамыр 1950 д.к.). Олардың мансаптық жолдары бір-бірімен өте тығыз байланысты, екуі де Цюрихтегі Швейцария федералды техникалық институтын (ETH) бітірген. Бюроның ең танымал жұмысына Лондондағы Бэнксайд электр стансасын Тейт заманауи галереясына өзгерту жобасын жатқызады. 1994 жылдан бастап Жак Херцог және Пьер де Мерон Гарвард университетіндегі Жоғары дизайн мектебінің шақырылған профессорлары, ал 1999 жылдан бастап ETH институтының профессорлары.
Тарихы Herzog & de Meuron 1978 жылы швейцариялық Базель қаласында негізделді. 2001 жылы сәулет саласындағы ең жоғары құрмет белгісі — Притцкер сыйлығына ие болды. Сәулет сыншысы және Притцкер сыйлығының алқа мүшесі Ада Луиза Хакстейбл HdM тәсілдерін қысқа түрде осылайша түйіндеді:
2006 жылы New York Times Magazine оларды "әлемдегі ең ардақты сәулет фирмаларының бірі" деп атаған.
Сыртқы сілтемелер
Herzog & de Meuron ресми сайты Pritzker Architecture Prize profile Serpentine Gallery Pavilion 2012 Rue des Suisses in Paris
Дереккөздер
Санат:Сәулет бюролары Санат:1978 жылы құрылған компаниялар Санат:Швейцария сәулетшілері Санат:Притцкер сыйлығының иегерлері Санат:Жапония императорлық сыйлығының иегерлері Санат:Бейжің сәулетшілері Санат:Лондон сәулетшілері