«Құрама Штаттарына шетелдік террористердің кіруінен ұлтты қорғау» туралы жарлық (ағылш. Executive Order «Protecting the Nation from Foreign Terrorist Entry into the United States») — АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ-қа белгілі бір тұлғалар санаттарына кіруге шектеу қойуы туралы жарлық.

Қол қойылуы және қолданысы 2017 жылдың 27 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ қорғаныс министрлігінде өткен рәсім кезінде мигранттар жөнінде қатаң шараларды қарастыратын жарлыққа қол қойды.

2017 жылдың 28 қаңтарында Нью-Йорктегі сот елге ашық визалармен ұшып келген және Дональд Трамптың миграциялық жарлыңының әрекетіне түсетіндер үшін ғана АҚШ аумағында уақытылы болуға мүмкіндік беретін қаулыны қабылдады. Осы соттың шұғыл қаулысы шеңберінде шетел азаматтарына елде біраз уақыт болуға рұқсат беріледі.

Мазмұны және жарлық құрылымы thumb|right|250px|АҚШ аумағына кіруге тыйым салынған жеті мұсылмандық мемлекет Жарлық тармақтары бар 12 тараудан тұрады.

Бірінші тарауға «Мақсат» деген атау берілді. Бұл тарау жарлықтың қабылдануын лаңкестік қауіпімен байланыстырады, осындай қауіптің мысалы ретінде АҚШ-тағы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері келтірілді.

Жарлықтың қол қойылуына дейін АҚШ-тағы босқындар мәртебесін ұсыну туралы берілген өтініштер жаңа рәсімдерден өткеннен кейін мақұлдануы мүмкін.

Бірқатар мұсылман елдерінің азаматтарына 90 күндік мерзіммен босқын мәртебесін алуға ұмтылуына немесе ұмтылмауына қарамастан АҚШ аумағына кіруге тыйым салынған. Тыйым Иран, Сирия, Ливия, Сомали, Йемен және Ирак азаматтарына салынды. Бұл тыйым дипломаттар мен халықаралық ұйымдарының өкілдеріне ғана таралмайды.

Сонымен қатар жарлықта әрекеттегі ережелердің тиімділігін анықтау үшін АҚШ босқындарды 120 күнге қабылдау бағдарламасының тоқтатылуы туралы жазылған.

Жарлық арқылы елге кіретіндерді қадағалауға арналған биометрикалық жүйесінің құрылуын тездетуі жоспарланып отыр.

Зардаптар

Экономикалық Азия-Тынық мұхит аймағының қор индекстері босқындардың АҚШ-қа кіруге тыйым салынғаннан кейін «минусқа кетті». Emirates және Etihad Airways әуекомпаниялары жарлық әрекеттеріне қатысты қызметкерлерін АҚШ-қа ұшуынан шеттеуі туралы жариялады. Google интернет алыбы жарлыққа байланысты АҚШ шегінен тысқары орналасқан қызметкерлерін тез арада елге оралуды шақырды. Компанияға жеті мұсылман елден келген оның мигрант қызметкерлері жұмысқа қайта орала алмай жатыр және осы жарлық АҚШ-қа басқа елдерден талантты мамандарды тартуына кедергі болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Саяси 2017 жылдың 27 қаңтарында АҚШ-тың демократиялық партиясы Трамптың босқындар туралы жарлығын «американдық құндылықтарының сатқындығы» деп атады.

Басқа Ирак парламенті Дональд Трампқа қарсы ұқсас шараларды енгізуді қолдады. 2017 жылдың 29 қаңтарында АҚШ-тың 15-ке жуық қаласында Трампен енгізілген жаңа иммиграциялық шектеулерге қарсы шерулер өткізілді. Сонымен қатар, сол күні, Нью-Йорктегі Джон Кеннеди халықаралық әуежайында бірнеше ондаған белсенділер әуежай терминалында шарасыздан қоныс аударушылардың кіргізуін талап ете отырып, наразылық акциясын ұймдастырды. Жарлықтан кейін АҚШ мекемелері қайталама визаларының беру ережелерін өзгертті.

Дереккөздер

Санат:Миграциялық құқық Санат:АҚШ заңнамасы