Тейт Модерн () немесе Тейт заманауи галереясы — Лондон орталығындағы халықаралық заманауи өнердің ұлттық галереясы, Тейт галереялар тобына кіреді. Бұрынғы электр стансаның орнына 2000 жылы салынды. Галереяда XX ғасырдың басынан бастап жасалған әлем өнерінің туындылар жинақтамасы орналасқан.

Тейт Модерн келушілер саны жағынан әлемдегі ең ірі заманауи өнер галереясы болып табылады,Visitor Figures 2013: Museum and exhibition attendance numbers compiled and analysed, The Art Newspaper, International Edition, Аперль 2014. 2009 жылы келушілер саны 4700000 адамнан асты.

Тарихы Қазіргі кезде Тейт Модерн галереясы орналасқан ғимаратта, бұрын Темза жағасындағы Бенксайд элект стансасы орналасқан еді. Бұл ғимараттың құрылысы екі кезеңге бөлініп 1947 жылы басталды, 1963 жылы ғимарат толығымен дайын болды. Құрылыс Баттерси элект стансасының, Ливерпуль соборының, Оксфорд және Кембридж университеттік кітапханаларының, Ватерлоо көпірінің және танымал британдық қызыл телефон күркесінің авторы — Джайлс Гилберт Скоттың жобасы бойынша салынды. Элект стансасы жабылғаннан кейін, ғимарат толық қайта құру жұмыстарынан өтті.

2013 жылы Herzog & de Meuron швейцариялық сәулет бюросының жобасы бойынша, галереяның жаңа корпусы салынды.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер Тейт Модерн мұражайының ресми сайты Тейт Модерн галереясының фотосуреттері (тұрақты экспозиция)

Санат:Лондон Санат:Заманауи өнер мұражайлары