Заттық құқық () — нысаны зат болып табылатын субъективтік азаматтық құқық. Заттық құқықты иеленуші тұлға оны қандай да бір іс-әрекетке, басқа міндетті тұлғалардың жәрдеміне жүгінбей-ақ, өз бетінше дербес жүзеге асырады. “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі” бойынша, заттық құқықтарға мыналар жатады: меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, мүлікті басқару құқығыОрысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6.

Мүлікке заттық құқық осы мүліктің меншіктенушісі болып табылмайтын тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Затқа меншік құқығының басқа тұлғаға көшуі осы мүлікке өзгедей заттық құқықтың тоқтатылуы үшін негіз болмайды. Заттық құқықтарға, заңдарда өзгеше көзделмесе немесе Заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Заттық құқық – абсолют құқық. Заттық құқық нақты міндетті адамдарға қарсы заңмен қорғалатын міндеттемелік құқықтан өзгеше түрде барлық және әрбір адамнан, яғни осы құқықты кез келген бұзушылардан қорғалады. Мұның мәнісі – нақты адамның заттық құқығына нұқсан келтіруден барша адам тежелуге міндетті, ал меншік иесінің өз кезегінде өзінің заттық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді тоқтатуды, бұзылған құқықты табиғи түрде қалпына келтіруді, яғни өзінің иелігінен шығып кеткен затын қайтарып беруді барлық және әрбір адамнан талап етуге құқығы бар. Мұндай талаптар “заттық құқықтық талаптар” деп аталады."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім

Дереккөздер

cs:Věcná práva de:Dingliches Recht en:In rem jurisdiction eo:Reala rajto fa:حقوق عینی fr:Droit réel he:דיני קניין hr:Stvarno pravo hu:Dologi jog it:Diritto reale lt:Daiktinė teisė lv:Lietu tiesības nl:Zakelijk recht pl:Prawo rzeczowe ru:Вещное право sh:Stvarno pravo sk:Vecné právo (jednotlivé právo) sl:Stvarno pravo sr:Имовинско право sv:Sakrätt uk:Речові права zh:物权