«Капитан қызы» — орыс поэті Александр Сергеевич Пушкин жазған тарихи роман. Кітапта болған оқиға Емельян Пугачёвтың көтерілісімен тұспа-тұс келеді. Роман авторсыз 1836 жылы "Современник" журналында жарық көрген.
Сюжет Пётр Андреевич Гринёв өзінің жастық шағындағы болған оқиғаларды әңгімелейді. Балалық шағын Сибмир губернииінде өткізіп, 16 жасында жұмысынан уақытша босаған қатал әкесінің кесірінен әскерде қызмет етуге тура келеді.
Жұмысының қарсаңында, тағдыр арқасында ол сол кезде ешкімге атақты емес Емельяна Пугачёваны байқап қалады. Көре сала, ұнатып қалады. Кейін қыздың көңілінен шығу үшін бәрін жасайды. Әрі қарай әңгіме өрби береді.
Кітаппен жұмыс Пугачев көтерілісі жайлы жазу Пушкин ойына "Пугачев көтерілісінің тарихы" хроникасымен жұмыс істеу уақытында келді. Бұл кітап жайлы ақпарат іздеу үшін Пушкин Оңтүстік Уралға барып, 1770 жылдардың жағдайлары жайлы іздей бастайды. "Капитан қызында" Пугачев тарихынан гөрі Ресейлік тарих анық әрі нақты жеткізілген. 1832 жылы Пушкин кітап жазуда Пугачевті ең алғаш оның жанына өткен Михаил Шванвичті қосқысы келген.
Жарыққа шығуы және пікірлер "Капитан қызы" автордың өлімінің алдында бір апта бұрын жарық көрді. Бұл роман сол замандағы "Современник" журналында Петр Гринёвтен қалған роман секілді жарыққа шықты. 1838 жылға дейін роман жайлы ешқандай пікір болмады. Алайда, 1837 жылдың қаңтарында Гоголь бұл шығарманы "бар жұрттың назарында" деп айтты. Гогольден көп ұзамай А. И. Тургенев, К. Я. Булгаков, П. А. Вяземский, В. Ф. Одоевский де өз ойларын жариялады. Олардың барлығы Пушкиннің бұл романын қызықты деп бағалаған.