Математикада бұл өрнектің нақты мәні жоқ, ол анықталмағандық (неопределенность) болып саналады. Нөлдік дәреже — кез-келген нөл көрсеткіші бар дәреже. Егер бірдей дәрежелерді бөлу амалын қолдансақ, онда:
an:an=an-n=a0
формуласы шығады.
Нөл көрсеткіші бар дәреже анықталмаған. Сондықтан, егер a≠0 және кез-келген натурал көрсеткіш(n) болған жағдайда:
an:an=1
шығады. Себебі, a≠0 болғанда, a0=1 деп жазу келісілген.
Анықтама: Егер, a≠0 болса, онда a0=1-ге тең. Кез-келген нөлдік дәреже 1-ге тең.Мысалы, 20=1, (-3,5)0=1. Ал, 00 өрнегінің мағынасы жоқ.
Есте сақтаңдар: am•an=am+n формуласын(a-ның екеуі де бірдей және a≠0 болғанда) және m=0 немесе n=0 болған жағдайда қолданамыз. Ал, am:an=am-n (a≠0) формуласын m>n немесе m=n тәрізді жағдайды қанағаттандыратын, кез-келген бүтін m және n оң сандарымен қолдануға болады.
Мағынасының тарихы:
1752 жылы Эйлер өзіңің «Introductio in analysin infinitorum» («Шексіз кішілерді талдауға кіріспе») атты еңбегінде \(a^0 = 1\) деп жазып, \(0^0 = 1\) екенін тікелей көрсеткен. Эйлердің «Institutiones calculi differentialis» («Дифференциалдық есептеу») кітабының 1787 жылғы басылымына Маскерониге телінетін сілтемеде келесідей «негіздеме» ұсынылды:
\(0^{0}=(a-a)^{n-n}=\frac{(a-a)^{n}}{(a-a)^{n}}=1\
сонымен қатар басқа да күрделірек негіздеме берілген. 1830 жылдары Либри \(0^0 = 1\) тұжырымын негіздеуге тырысқан тағы бірнеше уәждерін жариялады, бірақ олар тіпті сол дәуірдің қатаңдық стандарттары бойынша да мүлдем сенімсіз болды.