Сайма, Үлкен Сайма – Финляндияның оңтүстік − шығысындағы көлдер жүйесі.
Физикалық-географиялық сипаты Ауданы 4400 км2. Мұздық-тектоникалық жолдармен пайда болған көл қазан шұңқырлары өзара тармақтар арқылы жалғасқан. Жағалауы қырқалы, құзды, қатты тілімделген. Аралдары көп. Тереңдігі 82 м. Шілде-тамыз аралығында деңгейі жоғарылап, сәуірде төмен түседі. Қараша-желтоқсанда қатып, сәуір-мамырда мұздан босайды. Вуокса өзені арқылы Ладога көлімен, Саймен каналы арқылы Фин шығанағымен жалғасқан. Кеме жүзеді. Жағалауында Миккели, Лаппеэнранта порттары орналасқан.Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 9-ші том.1976
Дереккөздер
Санат:Финляндия көлдері