Николай Владимирович Терещенко (1924-1944) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, теңіз жаяу әскері, Кеңес Одағының Батыры (1945).

Өмірбаяны 1924 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бесқұдық ауылында туған. 10-сыныпта оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Қысқа мерзімді курсты бітірген соң кіші лейтенант атағын алып, Волга бойындағы ұрысқа қатысты. Қара теңіздегі Новороссийск, Тамань, Керчь, Алушта, Ялта, Балаклава, Севастополь қалаларын азат ету үшін шайқасқан теңіз жаяу әскері бригадасы барлаушылар взводының командирі Н.Терещенко көптеген ерліктер жасады.

Марапаты 1945 жылы 24 наурызда барлаушы ротасының командирі аға лейтенант Н.Терещенкоға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.http://batyrlar.blogspot.com/p/blog-page_22.html

Дереккөздер

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Кеңес Одағының батырлары