«Нэнси Дрю» (ағыл. Nancy Drew) – 2007 жылғы американдық фильм. Кэролайн Киннің Нэнси Дрю туралы сериалы бойынша түсірілген. Басты рөлді Эмма Робертс сомдайды. Фильм Лос-Анджелесте түсірілген, режиссері – Эндри Флемминг. Сатылымға 2007 жылы 15 маусымда шықты.

Сюжет Нэнси Дрю және оның әкесі заңгер Карсон Дрю екі айға Ривер-Хайтстан Калифорнияға көшеді. Сол жерде Карсон уақытша жұмысқа тұрады. Олар Нэнси таңдаған үйді жалға алды. Бұл киножұлдыз Делия Дрейкоттың жекежайы болған. Бұл актриса 1981 жылы өз үйінде өлді және бұл қылмыс әлі ашылмаған. Құпияларға қарамастан әкесі Нэнсиді бұл зерттеулерді тоқтауды және кәдімгі жасөспірім сияқты оқуды, дүкендерді аралауды және уақытты көңілді өткізуді сұрайды. Алайда оны мектепте қызық деп ойлайды, ал оның жалғыз досы оның сәнді және әйгілі сыныптасы Инганың кішкентай 12 жасар інісі – Корки болды. Үйде Нэнси жекежайдың бұрынғы иесі Жедияның елесін көреді, елес оның көмегін сұрайды. Басқа да қызық жағжайдар пайда болады: Нэнсидің Делия туралы газеттерден қиып алынған мақалаларына толы папкасы жоғалады, түнде шатырдың астында біреудің жүрісі естіледі, ал бағбаншы Джон Лэшинг әрқашан кез келген кезде кенеттен пайда болады. Шатырдың астында ескі заттардың арасында Нэнси Делияның «Зиге» арналған хатын табады. Зерттеумен айналыспауға сөз бергенімен, Нэнси бұл құпияны ашқысы келеді.

Рөлдерде АктёрРольЭмма РобертсНэнси ДрюТейт ДонованКарсон ДрюМакс ТириотНэд НикерсонЛора ХэррингДелия ДрейкоттМаршалл БеллДжон ЛэшингРэйчел Ли КукДжейн БрайтонДжош ФлиттерКоркиДаниелла МонэИнгаКелли ВитцТришЭми БрукнерБесс МарвинКей ПанабэйкерДжоылрджи ФайнДэвид Б. ДотиМёрфидің әкесі

Кэбара БарбараоКлиффайтонЧарликамеоБарри БоствикДэшиел Бидермейер

Санат:Алфавит бойынша фильмдер Санат:2007 жылғы фильмдер Санат:Warner Bros. фильмдері