Жанама — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Жанама ауылдық округі орталығы.

Тарихы Ең алғаш Жанама ауылы (қазіргі ескі Жанама ауылының орны) 1930 жылы Еңбекші колхозынан бөлініп шығып, жеке колхоз болады. Бірінші басқарма төрағасы болып Нұрғалиев Жортуыл сайланады.

1932—1937 жылдары осы колхозды Жұманов Қабдолда соғыс кезінде, соғыстан кейінгі 1941—1950 жылдары Тілеуов Төлеген басқарды.

1957 жылы ірілендіру науқаны болып Жанама ауылы Ильич совхозының құрамына енгізілді.

1974 жылы шілде айының 18-де Қаз КСР ауылшаруашылық министрі Г. Моториконың бұйрығымен ауданда қызылша дақылын өндіруді молайту мақсатында бірнеше қызылша совхозы құрылып, Ильич совхозынан бөлініп, жеке шаңырақ көтерді. Совхоздың алғашқы директоры болып 1974—1983 жылдары Қартабеков Дәулетбай тағайындалды.

Осы жылдарда 220-ға жуық тұрғын үй, совхоз кеңсесі, мектеп, клуб салынды. Ауылдың көшелері асфальттанды. Жанама совхозы ауданда, облыста алдыңғы қатарға шықты. Шаруашылық қант қызылшасын өндіруді 14 мың тоннаға дейін жеткізді. Мал басы ірі-қара 1500, жылқы 400, кой 15 мың басқа дейін өсті.

Шаруашылықтың көптеген еңбек озаттары мемлекеттік дәрежеде: қант қызылшасын өсіруден звено жетекшісі Мұсанов Мұрат «Еңбек Данкы» орденімен, сушы Нүсіпбеков Болысбек «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Әр жылдарда ауылдық Кеңес, ауылдық аймақтық әкімдікті С. Ақтымбаев, Ш. Чурегеева, Е. Досмағұлов, С. Байбазаровтар басқарды.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1526924 892 96,5 460 440 95,7 464 452 97,4

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы елді мекендері