Бірінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі.
Әкімшілік бөлінуі 6 әкімшілік ауыл, 775 қожалық.
Халқы және көшу жолдары Құрамына Адайдың әртүрлі рулары кіреді. Атап айтқанда: Көрпе — 170 үй, Жанақ — 91 үй, Балықшы — 156 үй, одан басқа Ақпан — 20 үй, Құнанорыс — 100 үй, Бәйбіше — 102 үй, Қожағұл — 156 үй болды. Халқы түгелдей көшпенділер, олар жазда Жем өзенінің оң және сол жақтарын жағалап, Шерқала тауларына дейін көшеді. Қыста Оймауыт, Қайрақты, Молқұдық, Сам, Қарабауырды қыстайды.
Әдебиет Маңғыстау энциклопедиясы, 4 том
Санат:Адай уезі болыстары