Ораңғай — Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл, Ораңғай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде, Қантағы (Хантағы) өзенінің бойында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен34294549 5199 114,3 2305 2678 116,2 2244 2521 112,3
Тарихы 1955 жылы құрылған Жамбыл атындағы мақта ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
Инфрақұрылымы Мәдениет үйі, орта мектеп, мешіт, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том.
Дереккөздер
Санат:Сауран ауданы елді мекендері