Тоғызбұлақ — Алматы облысы Кеген ауданы, Жалағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Алматы қаласынан 264 шақырым, аудан орталығы Кеген ауылынан батысқа қарай 40 шақырымдай (қара жолмен 65 шақырым, тас жолмен 97 шақырым) жерде орналасқан. Тоғызбұлақтың оңтүстігінде Күнгей Алатау, ал солтүстігінде Ағанас жазығы атанған жазық бар. Шығысы Шет Меркі өзенінің аңғарымен шектеседі, батысы жоталы, сайлы дала. Сондай-ақ, Тоғызбұлақтан батысқа қарай 5 шақырым жерде Жалаңаш ауылдық округінің орталығы саналатын Үлкен Жалаңаш ауылы орналасқан.
Ауыл, шамамен, 3 шаршы км көлеміндегі жерді алып жатыр. Ал, шаруашылыққа қолданылатын жерлерді қоса есептегенде, бұл көлем әлдеқайда өседі. Өйткені, ауыл тұрғындары негізінен егін егіп, картоп салу, мал бағу секілді кең аймақ пен жайылымды қажет ететін шаруашылықтармен айналысады.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14481451 983 67,7 725 514 70,9 726 469 64,6
Негізінен Албан тайпасының Сары және Шобал (Таз) аталарының ұрпақтары тұрады.
Инфрақұрылымы Маңындағы ауылдармен және аудан, облыс орталықтарымен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ауылда әнші-композитор, сталиндік саяси қуғын-сүргін құрбаны Қапез Байғабылұлы атындағы мектеп, ауылдан шыққан кәсіпкерлер мен ауыл азаматтары бірлесе салған мешіт және бірнеше үлкенді-кішілі дүкен, түрлі шаралар өтетін тойхана бар. Мұнда футбол, шаңғы тебу, волейбол сынды спорт түрлерінен бөлек, бәйге, көкпар сынды ұлттық спорт түрлері де жақсы дамыған. Ол спорттық шараларды өткізуге мектеп алаңы және ауыл маңындағы арнайы орындар бекітілген. Ауыл ортасында ұялы байланыс желісінің мұнарасы орналасқан. Ол мұнара халықтың өзге елді-мекендердегі туыстарымен телефон, интернет арқылы байланысуына септігін тигізіп жатыр.
Мәдениетте Тоғызбұлақ жайлы ел арасында айтылып жүрген әндер көп. Соның бірі және бүкіл қазақ халқына танылғаны – Қапез Байғабылұлының "Үш Меркі" әні. Бұл әнде сазгер пәлсапалық толғаулар арқылы өзінің өмірін айта келе, Тоғызбұлақтың табиғатын да сипаттайды.
Дереккөздер
Санат:Кеген ауданы елді мекендері