Қонаев қалалық әкімдігі — Алматы облысындағы әкімшілік бірлік.

Географиялық орны Оңтүстігінде Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарымен және Алатау қаласымен, солтүстігінде Жетісу облысының Кербұлақ ауданымен, батысында Іле ауданымен шектеседі.

Тарихы Алматы облысы мәслихатының 1998 жылғы 14 мамырдағы N 5-170 шешімі және Алматы облыстық әкiмiнің 1998 жылғы 17 сәуірдегі N 20-157 шешімімен: Облыстық мәнi бар Қапшағай қаласына жалпы ауданы 331113 га жер учаскелерi, соның iшiнде Iле ауданының жерiнен 16566 га, Талғар ауданынан 178610 га, Еңбекшiқазақ ауданынан 131157 га және Кербұлақ ауданынан 4780 га жер берілді Талғар ауданындағы Шеңгелдi ауылдық округінің Шеңгелдi, Ақөзек, Сарыбұлақ, Кербұлақ, Қосқұдық елдi мекендерi, Тасқұм, Құлантөбе, Бөктер разъездерi және Iле ауданындағы Жетiген ауылдық округінің Арна ауылы Қапшағай қаласының әкiмшiлiк бағыныстылығына берілді.Алматы облысындағы облыстық мәнi бар Қапшағай қаласының шекарасын өзгерту

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 411 бірлескен қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-54 шешімімен Заречный ауылдық округі және Арна, Заречный ауылдары Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, таратылды.Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Әкімшілік бөлінісі Әкімдікке қарасты 9 елді мекен Шеңгелді ауылдық округіне біріктірілген. Орталығы - Қонаев қаласы. Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Шеңгелді ауылдық округі Шеңгелді ауылы 9 8726

Халқы + Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Шеңгелді ауылдық округі8358 8726 104,4 Қонаев қаласы 39855 54245 136,1 ЖАЛПЫ САНЫ48213 62971 130,6

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы қалалық әкімдіктері