Зың зың, Шымкенттің қыздары зың зың — 2017 жылы қазан айында Қазақстанда және көршілес аймақтарда Ютюб желісінде кеңінен таралып кеткен вирусты музыкалық трек. Шымкенттің қыздары туралы рэп форматында айтылады.
Тарихы Әннің музыкасы, мәтіні және аранжировкасының авторы — Болат Нұрымов.https://www.nur.kz/1645561-nashelsya-avtor-superkhita-pro-shymkents.html "Зың" сөзі оңтүстік диалектінде, оның ішінде шымкенттік нұсқада "мықты", "керемет", "әйбат" деген сияқты мағыналар береді. Автордың бұл сөзді таңдау себебі - айтуға оңай болуы.
Алайда бастапқы әуен 2006 жылы шыққан Дженнифер Лопес пен LL Cool J бірге орындаған "Control myself" әнінің үзіндісі болып табылады.
YouTube платформасында кеңінен таралып кеткен видео нұсқадағы орындаушылар — Zhonti feat. NN-Beka. Тілі қазақша-орысша аралас. Видеоның бастапқы нұсқасындағы аудиосы еш өзгеріссіз болды. Кейін, "толық нұсқасы" (польни трек) шыққанда түпнұсқадағы 1 минуттық "зың" аудиосы қайырмасы болып кетті де, тағы да қосымша мәтін қосылып, екінші қайырмасында "Ақтаудың қыздары тәш" деген өзгертілген түрі қосылды.
Жетістіктері Сын Сыртқы сілтемелер Бірінші қысқа нұсқасы. Екінші толық нұсқасы.
Дереккөздер
Санат:Қазақ әндері Санат:Вирус әндер