нобай Мәрзия Жұмашқызы Жақсығарина (1 сәуір 1961, Шаңды ауылы, Мәртөк ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақ суретшісі, графигі, экслибристі, гравёрі, қоғам қайраткері, культурология кандидаты (2002), Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі (1998).
Өмірбаяны Мәрзия Жақсығарина 1 сәуір 1961 жылы Ақтөбе облысы, Мәрдөк ауданының Шаңда ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Жұмаш Беркімбетұлы Жақсығарин 1977 және 1980 жылдардың соц.жарысының жеңімпазы, Еңбек Қызыл Ту Орденін алған(1973), "Құрмет Белгісі"Орденінің(1981) иегері. Анасы Жансұлу Бүркіталина Елғондықызы сол кездегі байдың қызы болған, «Ана даңқы» орденімен марапатталған. 7 баланы: 5 ұл, 2 қызды баққан. Білім жолы Жас Жақсығарина Шаңды ауылындағы 8 жылдық мектепті бітірген. Оқуын Жаңа-Михайловск орта мектебінде жалғастырған. Алайда 1977 жылы «Коммунизмге жол» плакатын көріп, асығыс құжаттарын алып, училищеге көшіп кетті. Алғаш өнер туралы білімін алған, ал өнер тарихы туралы Петр Калиниченкодан алған. Оқуында үлкен жетістіктерге тез жете бастады. 1979 жылы Кавказды жеке өнер көрмесін ұйымдастырған. Училищені үздікке бітірген Мәрзия Мәскеу қаласына тұруға көшіп кетті. Сол жерде ол Лихачев атындағы Мәскеу зауытында суретші-безендіруші болып жұмыс жасады.1988 жылы Жақсығарина Алматыдағы Абай атындағы университетте графикалық өнер оқуын жалғастырды. Университте өнер тарихын белгілі, атақты Людмила Зальцман берген. 1933 жылы Алматыда оқуын аяқтап, өнер-графика мұғалімінің квалификациясын алған.Дмитриев А. В труде зреет талант // Путь к коммунизму: Г. — Актобе, 31.01.1981.
Қызметтік жолы 1994 жылы Мәрзия Жұбанов атындағы университетте өнер кафедрасының мұғалімі ретінде жұмыс жасады. 2002 жылы Санкт-Петербургте диссертация қорғап, культурология кандидаты атанды. 2004 жылы Жұбанов атындағы университетте «Дизайн» кафедрасының доценті атанды. 2007-2013 жылдары қазақ-орыс халықаралық университетінде жұмыс жасады. Ал осы жұмысы үшін оған 2011 жылы профессор міндетін берді. Шығармашылық еңбектері Мәрзия эклибриспен 1994 жылдан бері айналысады. Жақсығарина атақты шетелдік қайраткерлерге арнаған 260 эклибрисінің авторы. Негізгі сериялары: «Қазақ елі» (1995—1996), «Ювелирные украшения Казахстана» (1997), «Абай — 150 жыл» (1995), «Ұлы жеңіске 50 жыл»(1995), «Мұхтар Әуезов — 100 жыл» (1997), «Құдайберген Жұбанов — 100 жыл» (1999), «Экзюпериана» (1994—2013), «Пушкиниана» (1998), «Архитектура» (1998) және т.б. Жетістіктері 1998 жылы Жақсығарина Қазақстанның суретшілер Одағының мүшесі атанды. Сол жылы Мәрзияның жасалған жұмыстары үшін оған Ақтөбенің құрметті азаматы атағын берді. Халықаралық көрме ұйымдастырғаны үшін, қазақ мәдениеті мен рухын мадақтағаны үшін және ғылым, мәдениет салаларындағы үлкен жетістіктері үшін 2001 жылы «Еңбегі үшін» атағын иеленді. 2003 жылы Ақтөбе адамы атанды. Суретші Жақсығаринаның туындыларын тек жерлерстер ғана бағалаған жоқ, оны шетелдіктерде жақсы бағалады. 2003 жылы «Заманауи эклибрис суретшілері» әлемдік энциклопедиясының 2-ші томына енгізілді. Сонымен қатар, оның атақты туындыларын Польшада шығырған.Рысты Алибекова Казахстанский экслибрис на польской купюре // Казахстанская правда : Г. — Алматы, 2003 Алфёрова Л. Праздник для избранных // Эврика: Г. — Актобе, 16 января 2004. — № 3. — С. 4. Қоғамдық қызметі Жақсығарина көп жылдан бері қазақ тарихы мен мәдениетін мадақтаған және әлі де мадақтауда. 1998 жылы ол көрме өткізді және ол жерде өзінің 140 эклибрисін Оренбургтің 255 жылдығына сыйлаған. 2003 жылы сәуірде К.Жұбанов атындағы инженер-техникалық университетіне 50 эклибрисін сыйға тартқан. 2003 жылы Ануар Өтеген-Тана мен Мәрзия Жақсығаринаның бастауы бойынша Уил ауданының орталығында өнер музейі ашылды. Олар музейдін ашылуына 600 шақты туындыны берді. Оның ішінді белгелі Ресей және қазақ тұлғаларының шығармалары болды. 1998 жылы Ақтөбенің 130 жылдығына байланысты «20 ғасырдың польшалық суретшілері» көрмесін өткізді. Көрмеде 100 польшалық суретшінің 900-ге жуық эклибристері көрсетілді. 1999 жылы Құдайберген Жұбановтың 100 жылдығына арналған көрменің жетекшісі болды. Көрмеде 25 елден келген 124 суретшінің 357 туындылары көрсетілді.Рысты Алибекова Музей искусств в глубинке // Казахстанская правда : Г. — Алматы, 2003 Ғылыми қызметі Жақсығарина өнер мен графикаға қатысты 50 шақты ғылыми мақаланың авторы. Эклибрис коммуникация және коллекция үшін жинақталған. Көптеген шығармалар Қазақстанның тәуелсізідігіне байланысты салынған. Соынмен қатар, Мәрзия Жақсығарина Ануар Өтеген-Тананың, Исатай Нұрышұлы Исабаевтың, Евгений Матвеевия Ситориннің, Орынғали Алтынбайұлы Хайруллиннің, Сергей Васильевич Кукурузаның, Әбілхан Қастеевтің, Әубәкір Исмаиловтың, Орал Таңсықбаевтың, Таймас Ниязбекұлы Телеушевтің, Алексей Иванович Верещагиннің, Борис Андреевич Ткаченконың, Александр Леонтьевич Лежниннің әлемге танылуына ықпал жасады. Сілтемелер https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BA%D1%81%D1%8B%D0%B3%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%BD%D0%B0,_%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B7%D0%B8%D1%8F_%D0%96%D1%83%D0%BC%D0%B0%D1%88%D0%B5%D0%B2%D0%BD%D0%B0
Дереккөздер Санат:Қоғам қайраткерлері Санат:Суретшілер