Некілтау ауылдық әкімдігі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Некілтау ауылы кіреді. Орталығы – Некілтау ауылы.
Тарихы Ауылдық округ Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 178 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімиятының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 293 қаулысымен Тассай ауылдық округінің бір бөлігінен құрылды.Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 925 адамды (462 ер адам және 463 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы ауылдық округтері