Бұлақ ауылдық округі – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Әлия, Бұлақ ауылдары кіреді. Орталығы – Әлия ауылы.

Тарихы 1997 жылы Талдысай ауылдық округі (орталығы Талдысай а.) таратылып, Бұлақ ауылдық округіне (орталығы Алпайсай а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы 2017 жылы Бұлақ ауылдық округінен Талдысай ауылдық округі қайта бөлініп шықты.Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1163 адамды (592 ер адам және 571 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданы ауылдық округтері