Исламғали Құрманов ауылдық округі – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Бегәлі, Егіндібұлақ ауылдары кіреді. Орталығы – Бегәлі ауылы.
Тарихы 1997 жылы Бегәлі ауылдық округі (орталығы Бегәлі а.) таратылып, Калиновка ауылдық округіне (орталығы Калиновка а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы 1999 жылы Калиновка ауылдық округі Бегәлі ауылдық округі болып өзгертілді.Қобда ауданының ауылдық округтерi мен ауылдарының аттарын өзгерту туралы Кейін Бегәлі ауылдық округінен Исламғали Құрманов ауылдық округі бөлініп шықты. 2007 жылы округ құрамындағы Қызылту ауылы Егіндібұлақ болып өзгертілді.Қобда ауданының Қызылту ауылын Егіндібұлақ ауылы деп қайта атау туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 625 адамды (316 ер адам және 309 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы ауылдық округтері