Тұмабұлақ — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Тұмабұлақ ауылдық округі орталығы. 2020 жылға дейін Тымабұлақ деп аталған.Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атаудың транскрипциясын өзгерту туралы
Географиялық орны Аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 86 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1674 адам (837 ер адам және 837 әйел адам) болса, 2009 жылы 1168 адамды (568 ер адам және 600 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 572 адамды (294 ер адам және 278 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы елді мекендері