Тінәлі — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Ақжол ауылдық округі құрамындағы ауыл. Ауыл озат шопан, еңбек ардагері Ишанғали Тінәлиевтің құрметіне аталған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 478 адам (253 ер адам және 225 әйел адам) болса, 2009 жылы 307 адамды (153 ер адам және 154 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 198 адамды (107 ер адам және 91 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Ауыл көшелері И. Тінәлиев көшесі Құрманғазы көшесі
Дереккөздер
Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері