1930 жылғы Футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. 1930 жылы 30 шілдеде Монтевидеодағы "Сентенарио" стадионында Аргентина мен Уругвай құрамалары өзара ойнап, Уругвай 4:2 есебімен жеңіске жетіп, тұңғыш әлем чемпиондары атанды.
Матч
Шолу
Бұл футбол тарихандағы тұңғыш әлем чемпиоын анықтайтын матч еді. Ойын басталардан алдын, командалар қай елдің добымен ойнау керектігі жөнінде бірақ таласыпты. Соңында бірінші таймда аргентиналық доппен, екінші таймда уругвайлық доппен ойнауға келісіпті. Матч басында алаң иелелі басымдық танытып, есеп ашқанымен, бірте-бірте күшейген аргентиналықтар 2:1 есебімен алға шығады. Екінші таймда уругвайлықтарды тұсаулау мүмкін болмапты. Олар 4:2 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанады. Осылайша олар өздерінің Тәуелсіздігің 100 жылдығына керемет сый жасады.
Қызықты деректер
Финалда ойнаған 22 футболшының ішінде ең ұзақ өмір сүргені аргентиналық Франсиско Варальо. Ол 2010 жылы 30 тамызда тұп-тура 100 жасында өмірден өтті. Уругвайлықтар арада 20 жыл өткен соң 1950 жылғы әлем чемпионатында да алтынға қол жеткізді. Бір қызығы, ол жылы да 1930 жылғы секілді чемпионатқа 13 құрама қатысқан еді.
Протокол
Уругвай: қ Энрике Бальестеросқр Хосе Насасси қр Эрнесто Маскерони жқ Хосе Леандро Андраде жқ Лоренсо Фернандес жқ Альваро Хестидо ш Пабло Дорадо ш Эктор Скароне ш Эктор Кастро ш Хосе Педро Сеа ш Викториано Сантос Ириарте Бапкер:Альберто СуппичиАргентина: қ Хуан Ботассо қр Хосе Делья Торре қр Фернандо Патерностер жқ Хуан Эваристо жқ Луис Монти жқ Педро Суарес ш Карлос Пеуселье ш Франсиско Варальо ш Гильермо Стабиле ш Мануэль Феррейра ш Марио Эваристо Бапкер:Франсиско Оласар,Хуан Хосе Трамутола
Сілтемелер
Турнир жайлы ақпарат Бейнешолу
Санат:Футболдан 1930 жылғы әлем біріншілігі Санат:1930 жылғы футбол Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:30 шілде оқиғалары Санат:Монтевидеодағы спорт Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары