Жайық — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Чапаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Жайық ауылдық округінің орталығы болды.Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 774 адам (388 ер адам және 386 әйел адам) болса, 2009 жылы 614 адамды (308 ер адам және 306 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 559 адамды (276 ер адам және 283 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері