Пятимар — Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы ауыл, Пятимар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде, Көшім өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1533 адам (763 ер адам және 770 әйел адам) болса, 2009 жылы 1337 адамды (678 ер адам және 659 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1051 адамды (545 ер адам және 506 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы елді мекендері