Қаяз () – балық, тұқы тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда 2 түрі: Арал қаязы (Luciobarbus brachycephalus) және болат-май қаязы (шырман) (Luciobarbus capito) бар. Болат-май қаязы екі түр тармағына бөлінеді: біреуі оңтүстік Каспийде (Қазақстан бөлігінде кездеспейді); екіншісі түркістан қаязы. Арал қаязынан ерекшелігі - ұзаққа өрістемейді, жергілікті (тұрғын) балық. Қабыршағы ірілеу, арқа қанаты кейін орналасқан және аумақтылау. Қазақстанда Сырдария су алабында, Шардара су қоймасынан өзеннің сағасына дейін, Қаратаудың оңтүстік-батысындағы өзендер мен Шу өзенінің жазық бөліктерінде кездеседі. Шуда, Кордай маңында, Қаяздың қара балықпен буданы бары белгілі. Оның түсі сарғышқа жақын – алтын сияқты. Әдетте Қаяздың арқасы бауырына қарағанда қоңырлау. Шабақтарында қоңыр дақ болады. Ұзындығы - 70 см., салмағы - 5,3 кг-ға дейін. Жыныстық жетілуі мекен ететін су айдынына байланысты 2-7 жас, көбіне 4-6. Уылдырығын (11,3-195 мың) судың температурасы 23°С болғанда өзендерде және су қоймаларындағы құмды, майда тасты жерлерге шашады. Қорегі әр түрлі; барлық су өсімдіктері, көпшілік омыртқасыздардың дернәсілдері, ауада ұшатын ұсақ жәндіктер, ұлулар мен т.б.. Яғни, олардың қорегі судағы қоректік қордың түрлік құрамына байланысты.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том

Тағы қараңыз Балық Килька Көлталма балық

Дереккөздер</span>

Санат:Тұқылар Санат:Арал теңізі