Құрманғазы (2022 ж. дейін Чеботарево)Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы — Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы ауыл, Құрманғазы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 95 км-дей жерде, Быковка өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 405 адам (194 ер адам және 211 әйел адам) болса, 2009 жылы 390 адамды (185 ер адам және 205 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 332 адамды (172 ер адам және 160 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Ауыл көшелері Абай көшесі Достық көшесі Құрманғазы көшесі Производственная көшесі Школьная көшесі

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері