Давид Вендетта (), шын есімі — Давид Папаруссо () (1968 жылы 25 тамыз, Лонгви, Франция) — француз диджейі және продюсері.

Өмірбаяны Давид Вендетта өзінің кәсіби диджей жолын 2002 жылы бастады. 2006 жылы ол Донна Саммердің вокалы қолданылған «Love To Love You Baby» хитін жарыққа шығарды. Осы композиция Давидті танымал етті және халықаралық сахнаға шығарды. Бұл ән франзуц синглдар чартында 20-орынға дейін жетті.Love to love you baby on various European Singles Charts Оның келесі синглы - «Unidos Para La Musica» әні француз чартында 5-ші орынға дейін көтерілді.Unidos para la música on various European Singles Charts

«Love To Love You Baby» және «Unidos Para La Musica» әндері танымал болғаннан кейін 2007 жылы Давид өзінің алғашқы альбомы — «Rendez Vous» тыңдарман назарына ұсынды. Алғашқы альбомын жасау үшін Давид Вендетта Акрам, Барбара Такер, Кейт Томпсон, Дэвид Гонсалвез, Рэйчел Старр, Эдрю Валорзи сынды танымал әншілермен әріптес болды.

Өзінің продюссер қызметімен қоса, Вендетта париждік FG DJ Radio радиосында апталық шоуды жүргізеді және Ибица, Нью-Йорк, Мәскеу және т.б. қалаларда кештер ұйымдастырумен айналысады.

2010 жылы сәуірде ол «Vendetta» атты жаңа альбомыен қайта сахнаға оралды. Бұл альбомды жазуға Хайфа Вехби, Тара МакДональд және Әлім Қасымов ат салысты.

Дискографиясы

Студиялық альбомдар Year Album details Peak chart positionsFRABEL (Wal)SWI2007 Rendez-vous Released: 4 June 2007itunes France: Rendez-vous (DownloadFnac France: Rendez-vous (CD) Label: DJ Center Records Formats: CD, digital download 16 15 —2010 Vendetta Released: 7 April 2010Amazon France: Vendetta (Download) Label: DJ Center Records Formats: CD, digital download — — —

Синглдар 2003: Party People 2003: She Loves Me 2004: No Sex 2004: Fiction 2004: Alicante 2004: Cleopatra 2006: Love To Love You Baby 2007: Unidos Para La Musica 2007: Break 4 Love 2007: Bleeding Heart 2008: Hold That Sucker Down 2008: Freaky Girl 2009: Anticipation (with Barbara Tucker) 2009: I Hope She Turns Around (feat. Brian Lucas) 2010: I Am Your Goddess (feat. Tara McDonald & Alim Qasimov) 2010: Can You Feel It (feat. Brian Lucas) 2010: Make Boys Cry (feat. Luciana) 2010: She Turns Around 2010: Yama Layali (Many Nights) (feat. Haifa Wahbi)

Дереккөздер

Санат:Франция музыканттары