Мінездік би (мәнерлі, сипатты би; ) — сахналық би өнерінің ерекше бір түрі. Алғашқы ұғымда, ХVІ–ХVІІІ ғасырлар аралығында белгілі бір мінез-құлық сипаты бар, тұрмыстық образдарды бейнелейтін билер осылай аталды.История характерного танца в балетном искусстве. Ваганова атындағы Орыс балет академиясының мұрағаты, 2022. Олар көбіне интермедияларда (спектакль арасындағы шағын көріністерде) кездесіп отырды. Басты кейіпкерлері ретінде шеберлер, шаруалар мен қарақшылар бейнеленді. Би қимылдары белгілі бір кейіпкердің іс-әрекетін тікелей көрсететін қозғалыстардан құралғандықтан, классикалық балет негезінен өзгеше болды.Character dance | ballet | Britannica. Encyclopedia Britannica.
XIX ғасырда мінездік биді халық биінің сахналық өңделген нұсқасы деп атай бастады. Олар балет спектакльдерінде жиі қолданылды. ХІХ ғасырдың 1830–1850 жылдарында хореографияда ұлттық колоритке көп көңіл бөліне бастады. Нәтижесінде романтикалық балеттерде де ұлттық нақыштар көрініс тапты. Мінездік бидің таза халық биінен басты айырмашылығы — оның классикалық би жүйесінің техникасы мен тәсілдеріне негізделуінде.Character Dance: History, Pedagogy and Evolution. Scholarly Community Encyclopedia.
Тарихы ХVІІІ ғасырдың аяғында мінездік бидің экзерсисі (дайындық жаттығуларының кешені) қалыптасты. Уақыт өте келе ол жеке оқу пәні ретінде білім беру жүйесіне бекітілді. Барлық халық биінің қимылдары классикалық би шеңберінде орындала бастады.Лопухов Ф., Ширяев А., Бочаров А. Основы характерного танца. — Ленинград: Искусство, 1939.
Қазіргі заманғы балет спектакльдерінде мінездік би негізгі сюжетті толықтыратын эпизод ретінде кездеседі. Ол балет мазмұнын байытып, кейіпкер образын ашудың басты тәсілі ретінде қабылданады. Мысалы: «Бақшасарай фонтаны», «Шақылдақ» балеттері мен «Князь Игорь» операсындағы билер. Кәсіби театрлық оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарда бұл тарих толықтай расталған.Royal Academy of Dance: Character Dance in Classical Ballet . Royal Academy of Dance.
ХІХ ғасырда Петербург театр училищесінде халық биі жеке пән ретінде оқытыла бастады. Бұған балеттік спектакльдерде венгр, испан билерінің жиі орындалуы себеп болды. Ол кезеңде мінездік билердің үздік орындаушылары ретінде Ф. Герцер мен А. Ширяев танылды.
ХІХ ғасырдың 90-жылдары А. Ширяев өз бастамасымен «Мінездік биді» жүйелеп, оны негізгі пән деңгейіне көтерді. Уақыт өте келе бұл жаңашылдықты қолдаушылар қатары көбейіп, пән басқа да хореографиялық училищелердің оқу бағдарламаларына енгізілді.Балет: Энциклопедия / Главный редактор Ю. Н. Григорович — Москва: Советская энциклопедия, 1981.Karakter dansı - Vikipedi. Wikipedia Özgür Ansiklopedi.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында көптеген әуесқой би үйірмелері, ансамбльдер, студиялар мен балет театрлары құрылды. Әртүрлі конкурстар мен көркемдік-шығармашылық олимпиадалар ұйымдастырыла бастады. Бұл үрдіс жетекші мамандардың көбеюіне алып келді. Осы мәселені шешуде ескі мектептің шеберлері үлкен рөл атқарды.
Бұл саладағы ең басты жаңалықтардың бірі — Ф. Лопухов, А. Ширяев және А. Бочаровтың «Основы характерного танца» («Мінездік бидің негіздері») кітабының жарық көруі еді. Көптеген жылдар бойы жинақталған тәжірибенің арқасында бұл еңбек «Халықтық-сахналық биді оқыту әдістемесі» бойынша жазылған алғашқы іргелі оқулыққа айналды.Ұлы Отан соғысынан кейін көптеген арнаулы оқу орындары ашылды. «Халық биі» оқу процесінде үлкен орын алып, оны оқытудың негізгі жүйесі ретінде мінездік би әдістемесі алынды. Білімді мамандар әуесқой және кәсіби би ұжымдарын басқарып, халық хореографиясының дәстүрлерін сақтап, жалғастырып келеді. 1960 жылы өнер институттарның «Хореография бөлімдерінде балетмейстер-педагогтарды дайындай бастады. Кәсіби пәндердің ішінде «Халықтық-сахналық биге» үлкен көңіл бөлінді. Халықтық-сахналық би орындаушыларын және педагогтарын Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институының профессоры Ткаченко үлкен еңбек атқарды. Ол 1954 «Народный танец кітабын жазып шығарды. Бұл басылым 1967 жылы қайта шығарылды. Ткаченко станок жанындағы жаттығуларды жүйелеп , кеңейтті. Жаңа атаулар қолдана бастады. Сонымен қатар, Блатованың «Оқу-әдістемелік құралы», Борзованың 2 бөлімнен тұратын «КСРО халықтарының билері» атты және Ткаченконың «Халық биін оқыту әдістемесі» кітаптары жарық көрді. Халық биінің орындаушыларын дайындаудағы басты мақсаттардың бірі актерлық шеберлікті дамыту, дене қозғалғыш аппаратын дамыту, әр қимылдың мәнері сипатын меңгеру. Сахнада әр ұлттың өзіне тән ерекшелігін көрсетуге аталған талаптар өте маңызды орын алады.
Дереккөздер
Санат:Балет Санат:Хореография Санат:Халық билері