Олимпик Марсель (фр. Olympique de Marseille) — француз футбол клубы, Марсель қаласынан. Клуб 1899 жылғы 31 тамызда құрылды. "Олимпик" Франция чемпионатында 9 рет топ жарған. 10 рет Франция кубогын жеңіп алған (бұл рекордтық көрсеткіш). 1993 жылы команда Франция клубтары арасында бірінші болып УЕФА Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Финалда Италияның "Милан" клубын 1:0 есебімен ұтты. Голдың авторы - Базиль Боли.

Өз алаңындағы ойындарын "Велодром" стадионында өткізеді.

Жетістіктері Франция чемпионы (9): 1936/37, 1947/48, 1970/71, 1971/72, 1988/89, 1989/90, 1990/91, 1991/92, 1992/1931, 2009/2010 Франция кубогы (10): 1924, 1926, 1927, 1935, 1938, 1943, 1969, 1972, 1976, 1989 Француз Лигасының кубогы (3): 2009/10, 2010/11, 2011/12 Франция суперкубогы (3): 1971, 2010, 2011 УЕФА Чемпиондар Лигасы (1): 1993 Интертото кубогы (1): 2005

Клубта ойнаған атақты футболшылар Жаирзиньо (Бра) Клаус Аллофс (ГФР) Мануэль Аморос (Фр) Марсель Десайи (Фр) Жан-Пьер Папен (Фр) Дидье Дрогба (Кд) Жан Тигана (Фр) Франк Рибери (Фр) Робер Пирес (Фр) Драган Стойкович (Юг) Джорж Веа (Либ) Лоран Блан (фр)

Сыртқы сілтемелер Клубтың ресми сайты

Санат:Франция футбол клубтары Санат:Олимпик Марсель ФК