Луис Фелипе Монти (; 15 мамыр 1901 жыл, Буэнос-Айрес — 9 қыркүйек 1983 жыл, Эскобара) — аргентиналық және италиялық футболшы. 1930 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 1934 жылғы әлем чемпионы. Екі түрлі ұлттық құрамада ӘЧ финалында ойнаған тарихтағы жалғыз футболшы.
Футболшы жайлы фактілер Луис Монти соңғы рет Аргентина құрамасы сапында 1931 жылы ойнады. Ол кездегі ФИФА ережесі бойынша, футболшы үш жыл бойы ешқандай ұлттық құрама сапында ойнамаған болса ғана қалаған құрама командасына ауыса алатын. Бірақ Монти үш жылға толтырмай-ақ Италия сапында ойнауды бастап кетті. Оны жазалауға ФИФА басшыларының сол кезде айбынымен Еуропаны тітіретіп тұрған Италия көсемі Бенито Муссолинидің қаһарынан қаймығып, дәттері бармаған. Луис Монти өте дөрекі болған. Оның "атақты сүйек сындырғыш" деген де лақап аты болған.
Жетістіктері Аргентина чемпионы (4): 1921, 1923, 1924, 1927 Италия чемпионы (4): 1932, 1933, 1934, 1935 Әлем чемпионы (1): 1934 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1): 1930 Олимпиаданың күміс жүлдегері (1): 1928 Оңтүстік Америка чемпионы (1): 1927 Италия кубогы (1): 1938
Аргентина сапындағы голдары + # Мерзімі Стадион Қарсылас Есеп Нәтиже Матч мәртебесі 1. 31 08 1924 Сентенарио, Монтевидео, 3–0 3–2 Жолдастық кездесу 2. 13 06 1928 Олимпиадалық, Амстердам, 1–1 1–2 Олимпиада-1928 3. 15 07 1930 Сентенарио, Монтевидео, 1–0 1–0 ӘЧ-1930 4. 26 07 1930 Сентенарио, Монтевидео, 1–0 6–1 ӘЧ-1930 5. 4 07 1931 Барракас, Буэнос-Айрес, 1–1 1–1 Копа Роса Шева
Сыртқы сілтемелер Сүйек сындырғыштар арасындағы әлем чемпионы
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Италия футболшылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:1928 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Ювентус ФК жаттықтырушылары