Норберту Мурара Нету (порт. Norberto Murara Neto; 19 шілде 1989 жыл, Араша, Минас-Жерайс, Бразилия), Нету, Нето есімдерімен танымал бразилиялық футболшы, "Борнмут" клубының қақпашысы және капитаны.
Футболшы карьерасы
Клубтық Карьерасында "Крузейро" (Бразилия), "Атлетико Паранаэнсе" (Бразилия), "Фиорентина" (Италия), "Ювентус" (Италия) клубтарында ойнаған. Кәсіпқой карьерасын 2010 жылы "Атлетико Паранаэнсе" клубында бастаған. Бір жылдан соң Италиға ауысып, "Фиорентинаның" қақпасын қорғай бастады.
2015 жылы "Ювентуске" ауысып, Джанлуиджи Буффонның көлеңкесінде қалып, негізгі құрамда сирек ойнады. 2017 жылы жазда "Валенсияға" өтті.
2019 жылы жазда "Барселонаға" ауысты.
Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында 2012 жылғы Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ұлттық құрамаға тұңғыш рет 2015 жылы шақырту алғанымен, әзірше бір матчта да алаңға шыққан жоқ
Жетістіктері Клубтық
«Ювентус» Италия чемпионы: 2015/16, 2016/2017 Италия кубогы: 2015/16, 2016/17 УЕФА Чемпиондар Лигасының финалисі: 2017 Валенсия
Испания кубогы: 2018/19
Барселона
Испания кубогы: 2020/21
Халықаралық
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 2012
Сілтемелер
http://www.footballdatabase.eu/football.joueurs..neto.80389.en.html
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Паранаэнсе ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Борнмут ФК ойыншылары