Бауыржан Айтқалиұлы Тұрысбек (15 қазан 1991, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, шабуылшы.

Мансабы Клубтық Футболшылық жолын Қаскелеңнің "Сұңқар" жастар клубында бастаған. Премьер Лигада алғаш рет 2014 жылы Семейдің "Спартагының құрамында өнер көрсете бастады. Жылдың екінші жартысын Сербияның "Раднички" клубында өткізеді. 2016 жылы "Қайратқа" шақырылып, Қазақстанның вице-чемпионы атанады. 2017 жылы "Қайраттың" ізбасарлар клубына жалға беріледі.

2018 жылы қаңтар айында "Тобыл" клубымен екі жылдық келісім-шарт жасаты. 11 наурызда "Жетісумен" ойында алаңға шығып, гол соқты. Құрамада Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет бірінші лигада "Қайрат А" клубында ойнап жүрген кезінде 2017 жылы 1 қыркүйекте Черногориямен ойында алаңға шықты. Осылайша ол бірінші лигада ойнап жүріп Ұлттық құраманың жейдесін киген тұңғыш футболшы атанды. Өзінің екінші матчында-ақ ұлттық құрамадағы алғашқы голын енгізді. Бұл 2017 жылы 5 қазанда Румыниямен өткен ойын еді. Бауыржанның голы құрамаға ұпай әпере алмады, Қазақстан 1:3 есебімен ұтылып қалды. 8 қазан күні Армения қақпасына ұлттық құрамадағы екінші добын енгізді. Бұл матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Жетістіктері Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері: 2016, 2017

Сілтемелер

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Спартак Семей ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Хан Тәңірі ФК ойыншылары Санат:Ұлытау-2022 ФК ойыншылары Санат:Сұңқар ФК ойыншылары