Панчо Арена (венгр. Pancho Arеna) — Мажарстанның Фельчут қаласындағы кішігірім стадион. Сыйымдылығы 3 816 адам. "Пушкаш Академия" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді.
Тарихы Құрылысы 2012 жылы басталып, 2014 жылы пайдалануға берілді. Алғашқы матч 21 сәуірде "Пушкаш Академия" және "Видеотон" клубтарының арасында өтті. Матч 3:1 есебімен "Видеотонның" жеңісімен аяқталды.
2016 жылы 30 шілдеде "Видеотон" УЕФА Еуропа Лигасындағы екінші іріктеу кезеңіндегі ойынын осы стадионда өткізіп, Молдованың "Заря Балти" командасын 3:0 есебімен ұтты.
Басқа да фактілер Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев осы стадионда 2018 жылы 26 наурызда Болгарияның қақпасына өзінің ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты. Айта кетейік, қазақстандықтар бұл ойында 90+4 минутта гол жіберіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Галерея
Сілтемелер Пушкаш Академия-Видеотон матчы
Санат:Стадиондар Санат:Мажарстан футбол стадиондары