Нұрмағамбетов Қажы Әлімұлы (15.5.1927 жылы туған) Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы) – еңбек ардагері. Облыстың құрметті азаматы. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1953). 1942 – 1948 жылдары Ленин атындағы ауылдық кеңестің атқару комитетінің хатшысы, 1953 – 1958 жылдары Төле би ауданында партия, шаруашылық қызметінде, 1958 – 1962 жылдары облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1962 – 1965 жылдары Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы партия комитетінде қызмет істеді. 1965 – 1969 жылдары Ленин және Ленгер аудандарының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, дайындау басқармасының бастығы болды. 1969 – 1985 жылдары Түлкібас ауданының атқару комитетінің төрағасы. 1975 – 1979 жылдары Алғабас, 1979 – 1985 жылдары Келес ауданы партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1985 – 1989 жылы облыстық кәсіподақ кеңесінің бөлім меңгерушісі болды. 1964 жылы Әлімұлы КОКП Ақпан пленумының делегаты. Бүкілодақтық колхозшылар съезінің делегаты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, «Тың игерудің 60 жылдығы», «Қазақстан Республикасына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1927 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Түркістан облысы тұлғалары