Михаил Ризванович Авдеев (4.01.1926, Башқұрт АКСР, Чекмагуш ауданы, Новокутовка ауылы) - Ұлы Отан соғысының ардагері. Татар.
Өмірбаяны 1932-1936 жж. - татар тіліндегі 4 сыныптық мектепті аяқтаған. 1936 ж. - Қырғыз КСР Жалалабат облысы, Октябрь ауданына қоныс аударып, орыс тілінде оқуын жалғастырған. 1939 ж. - тау-кен шебері оқуына жіберіледі. 1940-1942 жж. - Өзбекстандағы Фархад су электр станциясында жұмыс істейді. 1942 ж. - әскер қатарына шапқырыылады. Алматы кавалерия мектебін бітіреді. 3-кавалерлік корпусы құрамында 2-Белорусь майданы Брянск қаласында ұрысқа кіреді. Курск доғасындағы ұрыстарға, Беларусьті, Польшаны, Германияны, Шығыс Пруссияны азат етуге қатысады. Кенисберг түбінде ауыр жараларынп госпитальға жіберіледі. 1945 ж. - Нижний Новгород танкистер мектебін бітіріп, Жапон соғысына жіберіледі. 1945-1948 жж. - КСРО Қорғаныс министрлігінің шаруашылық басқармасында жұмыс істейді. 1948-1953 жж. - Қырғызстанда темір жол қызметкері. 1953-1979 жж. - Шымкент облысы, Ащысай ауылындағы "Ачполиметалл" кенішінде жұмысшы. 1979-1988 жж. - Жаңатас қаласындағы "Қаратаухимстрой" тресінде жұмысшы. 1988 жылдан - зейнеткер.
Марапаттары II дәрежелі Отан соғысы ордені Қызыл жұлдыз ордені. Сарысу газеті, №45-46, 05.05.2018 ж.
Дереккөздер
Санат:4 қаңтарда туғандар Санат:Алматы кавалерия мектебі түлектері Санат:Нижний Новгород танкистер мектебі түлектері Санат:Жаңатас тұлғалары