Тілеухан Жұмаханов (15.5.1956, Қызылорда облысы Арал ауданында Ұялы – 6.4.2006, Алматы) – жазушы, аудармашы.
Өмірбаяны ҚазҰУ-ды бітірген (1978). 1978 – 79 жылдарында Қазалы ауданында орта мектепте мұғалім, 1979 – 81 жылдарында Қазақ теледидарында редактор, 1981 – 88 жылдарында “Қазақстан әйелдері” журналында аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1988 – 93 жылдарында “Қазақ энциклопедиясы” бас редакциясында аға редактор, 1993 – 97 ж. “Жалын” журналы бас редакторының орынбасары, 1997 – 2003 жылдарында “Қазақ энциклопедиясы” бас редакторының бірінші орынбасары, 2003 – 06 жылдарында “Адамар” баспасының директоры қызметтерін атқарған. Шығармалары Алғашқы әңгімесі “Қыстың соңғы түні” 1985 жылы “Жалын” журналында жарық көрген. Бірнеше көркем әдеби, ғылым-танымдық кітаптардың, оның ішінде: “Қазақстан балалар энциклопедиясының” 1 – 3 томдарының авторы. Үнді жазушысы Ананта Муртидің “Самскара”, жапон жазушысы Коба Абэнің “Құм арасындағы әйел” повесть-романдарын, тағы басқалар шығармаларды қазақ тіліне аударған. Көптомдық “Қазақстан ұлттық энциклопедиясы”ның 1 – 4 томдарын “Қазақстан Республикасы” “Қазақстан Республикасы. 10 жыл шежіресі” “Қорқыт Ата” “Түркістан” “Қазақ мәдениеті” “Қазақ әдебиеті” “Қазақстан тарихы” “Жеріңнің аты – еліңнің хаты” энциклопедия анықтамалықтарын шығаруға жетекшілік еткен. Қасым хан. Тарихи баян, Аст., 2004.
Марапаттары “Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл” медалімен марапатталған (2001).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Сілтеме Қазақстан балалар энциклопедиясы.
Санат:15 мамырда туғандар Санат:1956 жылы туғандар Санат:Арал ауданында туғандар Санат:6 сәуірде қайтыс болғандар Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Қазақстан энциклопедияшылары Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері