Жозимар Игиньо Перейра (, Жозимар ретінде танымал; 19 қыркүйек, 1961 жыл, Рио-де-Жанейро) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Ойын мансабы: 1982-1987 – Рио-де-Жанейро Ботафого; 1987/88 - Севилья; «Севилья»; 1988 ж. – «Ботафого» Рио-де-Жанейро; 1989 — Фламенго Рио-де-Жанейро клубтарында оң қорғаушы ретінде ойнады.

1989 жылғы Оңтүстік Америка чемпионы. 1986 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Ұлттық құрама сапында барлығы екі гол соққан, екеуін де 1986 жылғы әлем біріншілігінде соқты. Негізі Жозимар чемпионатқа қосалқы құрам ойыншысы ретінде барды, оны тек үшінші турда Солтүстік Ирландиямен ойында ғана алаңға шығарды. Жосимар 24-минутта гол соғып көзге түсті. 1/8 финалда Польшаның қақпасына да бір гол енгізді.

Жетістіктері

Командалық

Америка кубогы: 1989 Роуз кубогы: 1987 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1989 Сеаренсе чемпионы: 1992 Пальма-де-Мальорка турнирінің чемпионы: 1988

Отбасы Алты баланың әкесі. Ұлдарының бірі Жозимар Жуниор, футболшылық карьерасын әкесі секілді «Ботафого» клубында бастаған.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Ботафого ФК ойыншылары Санат:Сеара ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бангу ФК ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Нобо Хумбуту ФК ойыншылары Санат:Уберландия ФК ойыншылары Санат:Хорхе Вильстерманн ФК ойыншылары Санат:Насьонал Фаст ФК ойыншылары