Габриэль Иван Меркадо (; 18 наурыз 1987 жыл, Пуэрто-Мадрин, Аргентина) — аргентиналық футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы Аргентинаның "Расинг" командасының түлегі. Команда сапындағы алғаш ресми ойынын 2007 жылы өткізді. 2010 жылы "Эстудиантеске" өтті. Жаңа клубы сапындағы алғашқы голын өзінің бұрынғы командасы "Расингке" соқты. Алғашқы маусымда-ақ Аргентина чемпионы атанды.
Екі маусымнан соң, 2012 жылы "Ривер Плейтке" ауысып, төрт жылдай ойнады. 2016 жылы Еуропаға келді де, "Севилья" қатарын толықтырды.
Жетістіктері Командалық
«Эстудиантес»
Аргентина чемпионы — Ап. 2010
«Ривер Плейт»
Аргентина чемпионы — Финаль 2014 Оңтүстік Америка кубогы — 2014 Рекопа кубогы — 2015 Либертадорес кубогы— 2015 Аргентина суперкубогы — 2014
Халықаралық
Аргентина (20)
Жастар арасындағы әлем чемпионы — 2007
Аргентина
Америка кубогының күміс жүлдегері — 2016
Дереккөздер
Сілтемелер Argentine Primera statistics Gabriel Mercado at Football Lineups
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Эстудиантес ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары